ӘРБІР БӨЛШЕКТЕГІ БІРЕГЕЙЛІК
Бұл жай ғана спорттылық, сәнділік және өнімділік емес. Alfa Romeo Stelvio және Giulia Competizione уақытқа бағынбайтын дизайны, жаңартылған технологиясы және премиалды функциялары бар бортта бірегей сезімдерді бастан кешуге мүмкіндік береді.

ЖАҚСАРТЫЛҒАН ТЕХНОЛОГИЯ, ІЛГЕРІЛЕГЕН ӨНІМДІЛІК / Ілгерілеген технологиялар, жақсартылған сипаттамалар
Giulia және Stelvio Competizione 280-күштік бензин қозғалтқыштарымен немесе қуаттылығы 210 а.к. және 160 а.к. дизельді қозғалтқыштарымен жабдықталған. Барлық қозғалтқыштар 8-сатылы автоматты трансмиссияен және Q2 немесе Q4* толық жетегімен жұмыс істейді.
Alfa Romeo Giulia Competizione-ның жанармай шығын (л/100 км): 8,1 – 5,2; түтін шығаруы CO2 (г/км): 183 – 137. Мәндер 2022 жылдың 26 қыркүйегінде сертификаттау алдында сынақ жүргізу кезінде жаңартылған, WLTP қалқымалы циклы негізінде анықталған және соңғы гомологацияға дейін өзгеруі мүмкін.
Аталған мәндер салыстыру мақсатында берілген.
Alfa Romeo Stelvio Competizione-ның жанармай шығыны (л/100 км): 8,9 – 6,1; түтін шығаруы CO2 (г/км): 202 – 160. WLTP аралас циклына сәйкес анықталған мәндер, 21.11.2022 жылдан бастап гомологиядан өткен.
Аталған мәндер салыстыру мақсатында берілген.
ВИСЦЕРАЛДЫ ЭМОЦИЯЛАРДЫ СЕЗІНУГЕ АРНАЛҒАН ЖЕТІЛДІРІЛГЕН СПОРТТЫЛЫҚ
Giulia және Stelvio Competizione сіз іздеп жүрген шынайы эмоцияларды сезінуге мүмкіндік беретін техникалық шешімдері бар брендтің батыл мәнін мінсіз көрсетеді. Alfa Active Suspensions жүйесі қозғалыс кезінде спорттық сипаттарын және жүргізуден ләззат алуды күшейтіп, айрықша жайлылыққа ықпал етеді.

Сандық сертификаты бар NFT арнайы сериясы
Alfa Romeo Giulia және Stelvio Competizione Alfa Romeo Special Series Digital Certificate-ні бастайды. Блокчейн технологиясы ұсынатын қауіпсіздікті пайдаланып, бұл сандық сертификат Non-Fungible Token (NFT) әрбір Competizione автокөліктерінің бірегейлігін растайды және оның түпнұсқа конфигурациясының сақталуын қамтамасыз етеді.
Бұл өнім автокөліктің өмірлік циклы туралы бірегей және жалған емес жазбаларды жасау үшін автокөліктің деректерін тіркейтін Use Certificate NFT-ға қосылады. Осы сертификаттар бірлесіп әрбір автокөліктің тарихын қадағалауға және растауға арналған сенімді және қорғалған жүйені қамтамасыз етеді.
ӘРҚАШАН ҚОСЫЛҒАН*
Жүргізушіге көмек беру дестесі фукнциясы бар Giulia және Stelvio Competizione сізді сыртқы әлеммен, сіздің өз әлеміңізбен және сіздің автокөлігіңізбен «әрқашан байланыста» ұстап тұрады. Бұл сізге алдыңғы қатарлы навигацияны, ақпараттық-ойынсауық жүйесін және сіздің жүргізу тәжірибеңізді жақсартатын байланыс сервистерін ұсынады.
*2023 жылдың 1 мамырынан бастап тапсырыс жасалған барлық жаңа көліктер үшін, My Assistant Connect ONE дестесіне енгізілетін болады, оның бағасы автокөліктің бағасына енгізіледі. My Remote, My Car, My Navigation және My eCharge клиенттен арнайы жазылуды талап ететін Connect PLUS дестесінің бір бөлігі болады. Connect PLUS кепілдік басталған күннен бастап алғашқы 36 ай ішінде қосымша төлемсіз қолжетімді болады. My Alert және My Wi-Fi өзгеріссіз қалады.
Бұдан басқа, My Alfa Connect ұялы қосымшасының арқасында, сіз серіктестердің ұсыныстарына және өз автокөлігіңіздің телематикалық деректеріне байланысты сақтандыру жеңілдіктеріне қолжеткізе аласыз. Қосымша ақпарат алу үшін осы жерді басыңыз.
ДИЗАЙН НЕГІЗІНДЕГІ ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Жаңа Giulia және Stelvio Competizione көмек берудің автономды жүйесінің соңғы буынымен жабдықталған, бұл дәл басқарумен жүргізуден ләззат алуды жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.

Giulia

Stelvio