TONALE PLUG-IN
HYBRID Q4 EDIZIONE SPECIALE

Белсенділіктің жаңа толқынының символы

КӨБІРЕК ТИІМДІЛІККЕ АПАРАТЫН ЖОЛДА

Қоршаған ортаны қорғауға нағыз салым – бұл түтін шығаруы
азайтылған жүргізу. Сыйымдылығы 15,5 кВтч тиімді батареялық
дестесінің арқасында, Tonale Plug-in Hybrid Q4 қалалық циклде 82
шақырымға дейін таза электрмен жүре алады және СО2 түтін
шығаруы біріктірілген циклда 33-26 г/км.
Толық жүрісі (бензин + электр)* 600 шақырымға дейінгі жолды
құрайды.

DISCLAIMER

Tonale Plug-in Hybrid Q4-тің құрамдастырылған жанармай шығыны (л/100 км): 1,4 - 1,1; құрамдастырылған энергия тұтынуы  (кВтч/100км): 18,7 - 16,8; түтін шығаруы  CO2 (г/км): 33-26.  82 шақырымға дейін толық электрлік жүріс қала циклына жатады.  Жалпы жүрісі қала стилінде бензин автономиясын толық электрлік автономиямен араластыру арқылы қолжеткізілетін ықтимал толық диапазонмен анықталады. Тұрпаттық бекіту мәндері 4.11.2022 бастап бекітілген WLTP циклы негізінде анықталған. Аталған мәндер салыстыруға арналған. Жанармай шығыны, СО2 түтін шығаруы және жүрісі пайдаланудың іс жүзіндегі жағдайларына және қуаттау жиілігі, жүргізу мәнері, жылдамдық, арнайы жабдық, опциялар, шиналардың түрі, қоршаған ортаның температурасы және автокөліктің ішіндегі жылу жайлылығы сияқты әртүрлі факторларға байланысты.  

БОЛАШАҚТЫҢ СПОРТТЫҚ ЖҮРГІЗУІ

Alfa Romeo-ны жүргізуден нағыз ләззат алу, жаңа ой салатын тәжірибе. Tonale Plug-in Hybrid Q4 Edizione Speciale 1,3-литрлік турбиналанған MultiAir бензин қозғалтқышын электр моторымен үйлестіреді: қозғалтқыштың осы жүйесі 280 а.к. жалпы қуаттылықты қамтамасыз етеді.

ЖҮРГІЗУДІҢ ІЛГЕРІЛЕГЕН ДИНАМИКАСЫ

Tonale Plug-in Hybrid Q4-тің бортында үдеу кезіндегі қуаттылықты сезініңіз: e-AWD жүйесі, артқы дифференциалдың орнына орнатылған электрлік қозғалтқыштан қолжетімді айналдыру сәтінің 100%-н лезде үлестіруге мүмкінік береді. Көбірек қауіпсіздікті және жүргізуден ләззат алудың теңдессіз деңгейін қамтамасыз ету үшін, Edizione Speciale толық жетекті Q4 жүйесімен жабдықталған. Алдыңғы көпір 6-сатылы автоматтық трансмиссямен түйістірілген, қуаттылығы 180 а.к., 1,3-литрлік турбиналанған 4-цилиндрлік қозғалтқышпен жабдықталған. Артқы көпір барынша ширығу қуаты 90 кВт электрлік қозғалтқышты пайдаланады.

Эксклюзивті сыртқы бөлшектер

Болашаққа көз салсақ, біз өзіміздің символдарымызға адал болып қала береміз. Жаңа Tonale-нің толық жетекті Q4 жүйесі бар плагин-гибридті нұсқалары қуаттауға арналған жалғағыштың қасындағы сол жақ  артқы әйнектегі электрлі ирек графикасымен сипатталады. Edizione Speciale бірегей ерекшеліктері бар эксклюзивті дизайнды ұсынады: хромдалған қосарлы түтін шығару құбырлары, шанақтың бекіткіші титан түсті, Brembo қызыл тежегіш суппорттары, диаметрі 20 дюймдік жеңілбалқымалы  дисктер, қанаттарындағы "Speciale" белгішесі және "Tonale" қара түсті белгіше.

НЕГІЗГІ СТАНДАРТТЫ СИПАТТАМАЛАРЫ

Technology

  • Carplay | Android Auto қолдауы бар 10,25-дюймдік NAV
  • Кілтсіз кіру
  • Сымсыз қуаттау құрылғысы
  • Алдында және артында тұраққа қою сезгіштері, артқы көрініс камерасы
  • іАСС (зияткерлік адаптивті круиз-бақылау)
  • Электрлі артқы жүк салғыш

Экстерьер

  • Матриалы толық LED-фаралар
  • Қараңғыланған әйнектер
  • Шанақтың титан бекіткіштері және радиатордың V-тәріздес қалқаншасы
  • 20-дюймдік жеңілбалқымалы дөңгелек дисктері
  • Brembo қызыл тежегіш суппорттары
  • Қосарлы хромдалған түтін шығару құбырлар

Интерьер

  • Сарғыш тігістері бар аспаптар тақтасы
  • Айналаны жарықтандыру
  • Былғарыдан жасалған спорттық руль дөңгелегі
  • Есіктердің алюминийден жасалған жақтаулары және спорттық педальдар