QUADRIFOGLIO. ӘРҚАШАН БАТЫЛ

Alfa Romeo-ның ең үздік автокөліктерінде ғана кездесетін аңызға айналған эмблема.

Ымырасыз өнімділіктің белгісі

Өзінің таңғалдырарлық өнімділігінің және озық технологияларының арқасында, Giulia Quadrifoglio және Stelvio Quadrifoglio Alfa Romeo-ның спорттық мұрасының нағыз мәнін және жүргізуден қуанышқа бөленуді көрсетеді. Аса жеңіл материалдарды қуатталығы 520 а.к. б айрықша 2,9-литрлік V6 битрубо қозғалтқышпен үйлестіріп пайдалану қуаттылық пен салмақтың теңдессіз қатынасын және мойымайтын өнімділікті қамтамасыз етеді. 

Аңыздың ізі

Quadrifoglio-ның 100 жылдығы

ИКОНАНЫҢ МЕРЕКЕСІ

1923 жылдың 15 сәуірі – бүкіл әлемдегі Alfa Romeo жанкүйерлерінің санасында және жүрегінде сақталып қалатын күн және брендтің спорттық мұрасының маңызды бөлігі болып табылады. Бүгін, жүз жыл өткеннен соң, тарихтағы осы айтарлықтай кезеңді еске алу үшін, ескерткіш үлгі мен айрықша логотип жасалды. 

GIULIA QUADRIFOGLIO

Alfa Romeo Giulia Quadrifoglio-мен бірге сенімділіктің күшін таныңыз. Мойымайтын нәтижелілік, салмақтың 50:50 мінсіз үлестірілуі, айналдыру сәтін және қуаттылықты нақты уақыт режимінде басқару. Қай жерде келе жатсаңыз да, өзіңізді жарыс жолындағыдай сезіну үшін қажеттінің бәрі. 

STELVIO QUADRIFOGLIO

Alfa Romeo Giulia Quadrifoglio-мен бірге жүргізуден толық ләззат алуды сезініңіз – таза қуаттылық, таңдаулы сәнділік және қуатты эмоциялармен шабыттандыруға дайын алдыңғы қатарлы технологиялар.